Мөлдір Жаңбырбай каратэден тұңғыш әлем чемпионы атанды
Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Будапештте (Венгрия) өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
26 жастағы отандасымыз Қазақстан тарихында әлем чемпионаттарына қатысқан тұңғыш әлем чемпионы атанды. Бұған дейін біздің спортшылар тек күміс алған болатын.
50 келіге дейінгі салмақтағы финалда Мөлдір итальян каратэшісі Эрминия Перфеттоны (6:5) жеңіп, тарихха енді.
Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медальді бұған дейін Азия ойындарында жеңімпаз атанған 27 жастағы Қайсар Алпысбай (60 келіге дейін) әкелді.
27 жастағы қазақстандық Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін) қола жүлдеген атанды. 22 жастағы каратэші Софья Берульцева (68 келіден жоғары) кезекті жұбаныш кездесуінде жүлдеге іліне алмады.