Руханият

Мүфтият 2024 жылдың діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Фото: из открытых источников

Шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен күнтізбеге сәйкес, Рамазан айы 11 наурызда басталады. Қадір түні 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ораза айт – 10 сәуір.

Ал Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға келеді.

Мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Тегтер: Діни күндер