«Мұң-мұқтажды Құрылтайға арқалап барамын»: Аша Матай депутат кандидатурасынан бас тартпаған
Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай Құрылтай депутаттығына кандидатурасынан бас тартқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Оның айтуынша, сайлауға қатыспайды деген әңгіме шындыққа жанаспайды. Аша Матай өзін әлі де Құрылтай депутаттығына үміткер екенін айтып, халықтың мәселесін көтеруге дайын екенін жеткізді.
«Маған сенген азаматтар, мұң-мұқтаждарыңызды жазыңыздар. Сіздердің аманаттарыңызды Құрылтайға арқалап барамын. Сіздер үшін күресемін», - деді ол.
Еске салайық, Қазақстан халық партиясы Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде Аша Матай мен Тамара Асарды ұсынған.