Наурыздағы ҰБТ-ны 179 мың талапкер тапсырды: ең жоғары баллды атыраулық оқушы жинады
Қазақстанда 2026 жылғы наурыздағы ҰБТ-ға шамамен 179 мың талапкер қатысты. Олардың 70 пайызы шекті балдан өтті. Орташа нәтиже – 66 балл, ал ең жоғары 140 баллды Атырау облысының оқушысы жинады.
Тестілеуге қатысушылардың 75 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде тапсырған, тағы 157 адам ағылшын тілін таңдаған. Бес пән бойынша орташа балл – 66.
Ең жоғары нәтиже – 140 баллды Атырау облысынан Кенесова Жазира Кеңесова көрсетті. Ол төрт пәннен 90 балл жинап, кейін ҚАЗТЕСТ сертификаты арқылы «Қазақ тілі» пәнінің балын конвертациялаған.
Таңдалған пәндер
Талапкерлер арасында ең танымал комбинация:
Математика – Физика (18,7%)
Екінші орында:
Биология – Химия (16,5%)
Үшінші орында:
Шығармашылық емтихан (10,3%)
Наурыздағы ҰБТ барысында 264 заңбұзушылық тіркелді:
130 талапкер смартфон, шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуге жіберілмеді
134 адам аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды
Бөгде адамның орнына тапсыру деректері анықталмаған.
Ерекше қажеттілігі бар талапкерлер
ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 408 талапкер қатысты.
Тестілеу видеолары 2026 жылдың 31 қазанына дейін тексеріледі. Егер кейін заңбұзушылықтар анықталса, нәтижелер күшін жояды.