Live

Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушы үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 18 жастағы оқушы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Фото: ашық дереккөз

Оқиға сабақтан тыс уақытта болғаны хабарланды. Қазір жасөспірім қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр, алайда есін біледі. Денесінде бірнеше сыну анықталған.

Мектеп әкімшілігі оқиға фактісін растады және ішкі тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Сайт Әкімшілігі