«Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды» – Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында елдің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына үлес қосқан азаматтардың еңбегін бағалау маңызды екенін айтты.
Ол Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін ерекше атап өтті.
"Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасуына, қиын экономикалық кезеңде дамуына және көптеген жетістікке жетуіне көп үлес қосты. Оның есімі ешқашан ұмытылмайды", – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев ел тарихына әділ баға беріп, өткенді ұмытпай, мемлекет дамуына еңбек сіңірген азаматтардың үлесін ескеру қажет екенін атап өтті.