Непалдағы жойқын тасқыннан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ
Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су, лай және тас аралас тасқыннан қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Соңғы мәлімет бойынша, Непалда табиғи апат салдарынан кемінде 162 адам қаза тауып, 500-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен. Олардың арасында шетелдік туристер де бар. Құтқару және іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Қазақстанның дипломатиялық қызметі жағдайды бақылауда ұстап отыр.