Live

Нұрай ісі: Өмір бойына сотталған Шерхан Аймахан апелляцияға шағым түсірді

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Шерхан Аймаханның қорғаушылары сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Бұл ақпаратты жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров растады.

Фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, шағым сотқа келіп түскен. Қазір қорғаушы құжатпен танысып жатыр.

«Нұрайдың ісі бойынша сотталған Аймахан Шерханның қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді. Онымен танысып, қарсылық дайындаймын. Енді істі апелляциялық сатыда қарау күтіп тұр», – деді адвокат.

Еске салайық, Нұрай Серікбайды өлтірді деген айыппен Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Сот оны адам ұрлау, адам өлтіремін деп қорқыту және аса қатыгездікпен адам өлтіру бойынша кінәлі деп таныған.

 

Сайт Әкімшілігі