Live

Нұрай ісі: Прокурор Шерхан Аймаханды өмір бойына соттауды сұрады

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесінде жарыссөз басталды.

Фото: әлеуметтік желіден

Мемлекеттік айыптаушы Шерхан Аймаханға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Прокурордың айтуынша, жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған. Сондай-ақ ол Нұрайдың Аймаханға ешқандай өкпесі жоқ екенін айтқан бейнежазбаны сотта ескермеуді сұрады. Оның сөзінше, сараптама кезінде қыздың видеодағы сөзі алдын ала жаттатылғаны анықталған.

«Жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын», - деді прокурор.Еске салайық, Нұрай Серікбай 11 қаңтарда Шымкентте қаза болған.

Тергеу нұсқасы бойынша, Аймахан оған бірнеше рет пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Кейін күдікті қала маңында ұсталған.

Сайт Әкімшілігі