Live

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс енді Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы — «аса қатыгездікпен адам өлтіру» бойынша қаралатын болды. Бұл туралы марқұмның адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

Аталған бапқа сәйкес, күдікті 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұған дейін қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі — «адам өлтіру» дерегі бойынша тергелген еді.

Қазіргі таңда күдіктіге бірден үш бап бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда:

  • 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы — аса қатыгездікпен адам өлтіру;
  • 125-1-бап — некеге тұруға мәжбүрлеу;
  • 115-1-бап — сталкинг.

Айта кетейік, 11 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбай кісі қолынан қаза тапқан. Күдікті ретінде оның танысы ұсталған.

Сайт Әкімшілігі