Руханият

Өнер қайраткерлеріне арналған жаңа медаль мен құрметті атақ беріледі

Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Фото: ЖИ

Құжатта мәдениет пен өнер өкілдеріне арналған жаңа марапаттар енгізу ұсынылған.

Заң жобасы Мемлекет басшысының Құрылтайдың бірінші шақырылымының алғашқы сессиясында берген тапсырмасы негізінде әзірленген. Бастама мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік наградалар туралы заңнаманы жетілдіруді көздейді.

Ұсыныстардың бірі – отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытуға айрықша үлес қосқан азаматтарға берілетін "Шәмші Қалдаяқов" медалін енгізу.

Сонымен қатар бейнелеу өнеріндегі үздік туындыларымен танылған және Қазақстанның көркем мәдениетін дамытуға елеулі еңбек сіңірген тұлғаларға "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын беру ұсынылып отыр.

Сайт Әкімшілігі