Live

"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысты ма? Әкімдік жауап берді

Әлеуметтік желіде Алматыдағы "Оңай" көлік картасының ресейлік "Золотая корона" сервисімен байланысы бар деген ақпарат тарады.

Фото ЖИ / JasAlash

Осыдан кейін желі қолданушылары жеке деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады. Себебі "Оңай" картасын рәсімдеу кезінде азаматтар ЖСН, жеке куәлік деректерін енгізіп, банк картасын жүйеге байланыстырады. Сондықтан қолданушылар бұл мәліметтер Ресейге берілуі мүмкін бе деген сұрақ қойды.

Алматы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Әкімдік мәліметінше, "Оңай" жүйесінде жиналатын деректер Қазақстан аумағында сақталады. Жеке мәліметтерді жинау және өңдеу де Қазақстан аумағында жүзеге асырылады.

Сайт Әкімшілігі