Live

Орал маңында кран құлап, кран жүргізушісі қаза тапты

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданындағы Мичурин ауылында көпқабатты тұрғын үй салынып жатқан құрылыс алаңында кран құлады.

Фото ашық дереккөз

 Салдарынан кран жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қайғылы оқиға 7 қараша күні болған.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті қайғылы жағдайды растады.

– Көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңында кран құлаған. Оқиға салдарынан кран жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Енді тергеу барысында құрылыс жұмыстарын қай компания жүргізіп жатқаны, кранның құлауына не себеп болғаны және құрылыс алаңында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталған-сақталмағаны анықталуы тиіс.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: БҚО