Live

Оралда блогер Айболат Бөкенов үш жылға бас бостандығынан айырылды

Орал қалалық соты 43 жастағы блогер Айболат Бөкеновке қатысты үкімді шығарды. Сот оны алаяқтық, бопсалау және қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танып, үш жылға орта қауіпсіздіктегі колонияда бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Фото: ашық дереккөз

Тергеу мәліметіне сәйкес, Бөкенов әлеуметтік желідегі аудиториясын билікке сын айту арқылы жинап, содан кейін жарияланымдарды өшіру немесе «көмек көрсету» үшін ақша талап еткен. Жәбірленушілер қатарында бірнеше аудан әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер және депутаттар бар. Айыптау бойынша, блогер кейбір ақшаны бәс тігугежұмсаған.

Өзі сотта кінәсін мойындап, ақшаны қайтаруға уәде берген және кінәсін мойындау жөніндегі келісім жасалған.

Сот отырысында барлық жәбірленушілер блогерге ең қатаң жаза тағайындауды сұраған. Тергеу кезінде Бөкенов үйқамақта болған, ал үкім жарияланған соң ол сот залында қамауға алынды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға мүмкіндік бар.

Сайт Әкімшілігі