Қоғам

Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады

Мектеп оқушылары орта білім туралы аттестаттарын Egov Mobile қосымшасынан ала алады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Фото: Ortkom

«Осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды. Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» сервисіне өту керек, мұнда «Менің балаларым» бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады», - дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.

Осыдан бір ай бұрын ҚР Оқу-ағарту министрлігі eGovMobile мобильді қосымшасында «Bilim» жаңа сервисін іске қосқан болатын. Мұнда білім туралы мәліметтер, цифрлық құжаттар берілген бірнеше бөлім бар.

Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастаған болатын.

Nurbike Beksultan