Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетень үлгісін таныстырды
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауда қолданылатын сайлау бюллетенінің үлгісін таныстырды.
ОСК мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде сайлауалды үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр. Ол 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады.
Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызға белгіленген.
Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньнің бекітілген үлгісі дауыс беру күні барлық сайлау учаскелерінде қолданылатынын мәлімдеді.