Live

Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі құлады: зардап шеккендер бар

Өскеменде жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір опырылып түсті.

Фото: ашық дереккөз

Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға 7 мамыр күні шамамен сағат 20:30-да Карбышев көшесіндегі аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде болған. Оқиға кезінде көпір үстінде сегіз адам, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған жасөспірім болған.

«Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдай қызметтері мен жедел жәрдем бригадасы келді. Зардап шеккендер дәрігерлердің тексеруінен өтті. Ауыр жарақат тіркелген жоқ, тек сырылған және соғылған жерлері бар», — деп хабарлады қала әкімдігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс жағдайға балалардың еркелігі себеп болған. Кәмелетке толмағандар көпірді тербеткендерін мойындаған. Соның салдарынан көпірдің төсемі зақымданған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Өскемен