Live

Отбасы банк ипотека шарттарын өзгертті: үй алу тағы қымбаттады

4 маусымнан бастап «Отбасы банк» аралық қарыз беру талаптарын жаңартып, бұрынғы бірнеше мөлшерлеменің орнына бірыңғай 8,5% жылдық ставка енгізді.

Фото: ЖИ / Жас Алаш

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 9-9,6% аралығында болады.

Жаңа 8,5% мөлшерлеме тұрғын үйге қатысты барлық негізгі бағыттарға қолданылады: бастапқы және қайталама нарықтан баспана алу, жеке үй салу, жер телімін сатып алу, жөндеу және жаңғырту, сондай-ақ «Өз үйім» және «Әскери баспана» бағдарламалары, кейін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй.

Аралық қарыз – тұрғын үй құнының кемінде 50%-ын жинаған, бірақ 16 бағалау көрсеткішіне (БК) әлі жетпеген салымшыларға арналған ипотекалық өнім.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: отбасы