Өзбекстандағы газ құю станциясындағы жарылыстан алты адам қаза тапты
2026 жылғы 9 маусымда Өзбекстанның Қашқадария облысында тұрмыстық газ баллондарын сұйытылған газбен толтыратын бекетте болған жарылыс салдарынан алты адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақат алды.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, қайғылы оқиға 8 маусым күні Қаршы ауданының Шаман (Чаман) махалласында болған.
Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға туралы хабар сағат 13:50-де түскен.
Оқиға орнына бес құтқару бөлімшесі жіберіліп, олар 14:02-де жеткен. Өрт 14:05-те оқшауланып, толықтай 14:55-те сөндірілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан төрт көлік зақымданған. Оның ішінде екі Cobalt жеңіл көлігі мен газ тасымалдайтын екі арнайы автокөлік бар. Сондай-ақ жанармай сақтауға арналған екі жерасты резервуары бүлінген.
Оқиға салдарынан алты адам көз жұмды. Әртүрлі деңгейде жарақат алған бес адам ауруханаға жеткізілді.
Өзбекстан президенті тапсырмасымен вице-премьер басқаратын үкіметтік комиссия құрылды.
Комиссия зардап шеккендерге көмек көрсету, жарылыстың салдарын жою, оқиғаның себептерін анықтау және болашақта осындай жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлеумен айналысады.