Оқиғалар

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы құлады

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 27 мамыр күні Железинка ауылы маңында тіркелген.

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлауынша, ұшақ авиациялық-химиялық жұмыстарды орындап жүрген кезде электр желісіне тиіп кеткен.

Бортта екі экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан бір ұшқыш қаза тапты. Екінші ұшқышты құтқарушылар ұшақ ішінен шығарып алған. Оның есі анық екені хабарланды.

Оқиға орнына көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің мамандары жіберілді.

Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі