Live

Павлодар облысында өзенге аударылған қайықтағы ер адам іздестіріліп жатыр

Павлодар облысында өзенде қайық аударылғаннан кейін жоғалып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: ашық дереккөз

 Оқиға 12 қыркүйекте Жаңаауыл ауылының маңында болған. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ішінде бес адам болған алюминий қайық суда аударылып кеткен. Төрт адам өздігінен жағаға шыға алған. Ал 1983 жылы туған ер адам хабар-ошарсыз кеткен. Құтқарушылар оның суға батып кетуі мүмкін екенін болжап отыр.

Іздестіру жұмыстары үшінші күн жалғасуда. Операцияға алты құтқарушы, үш жүзу құралы және екі эхолот жұмылдырылған.

Екі күн ішінде мамандар өзен түбінің шамамен 35 шақырымын тексерген. Сонымен қатар құтқарушылар 11 рет су астына сүңгіп, шамамен 5 мың шаршы метр су айдынын зерттеген.

Бұған дейін жоғалған ер адамның әпкесі видео жариялап, іздеу жұмыстарына көмектесуді сұраған. Туыстары қайықтың аударылған сәтін көрген куәгерлерді де іздестіріп жатыр.

Сайт Әкімшілігі