Павлодарда 3 жасар қызды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
Павлодарда үш жасар қызын азаптап өлтірді деп айыпталған 26 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айрылды.
Сот материалдарына сәйкес, бала бірнеше ай бойы зорлық-зомбылық көрген. Сарапшылар оның денесінен әр кезеңде салынған 36 жарақат ізін анықтаған.
Сотталушы азаптау фактісін ішінара мойындағанымен, қасақана кісі өлтіргенін жоққа шығарды. Алайда сот оның уәждерін негізсіз деп танып, кінәсін толық дәлелденген деп есептеді.
Сонымен қатар сот оны қаза тапқан қыздың анасына 5 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.