Қоғам

Павлодарда 34 млн теңгеге жөнделген көпір суға кетті

Павлодар облысы, Көктас ауылының маңындағы көпір су тасқыны салдарынан жарамсыз болып қалды.

Фото: скриншот


Айта кетейік, бұл өткел былтыр ғана 34 миллион теңгеге жөнделген еді. Соған қарамастан, су тасқынына төтеп бере алмаған.

Аталған көпірді төрт ауылдың тұрғындары күнделікті пайдаланып келген. Олар өзеннің арғы бетіне өтіп, мал азығын дайындап, тұрмыстық тіршілігін қамтамасыз ететін. Енді өткел істен шыққан соң, жергілікті жұрттың қозғалысы қиындап, қыс мезгілін қалай өткереміз деген алаңдаушылық күшейген.

Әкімдік мердігер компанияны сотқа бергенімен, кейін тараптар келісімге келген. Келісімге сәйкес, «СтройЭталон» ЖШС көпірді 25 шілдеге дейін қалпына келтіруге міндеттелді.

Сайт Әкімшілігі