Оқиғалар

Павлодарда бағдаршамнан өтіп бара жатып акробатикалық трюк жасаған қыз жауапкершілікке тартылды

Павлодарда бойжеткен жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатып, акробатикалық трюк жасаған.

Фото: видео-скрин

Оның осы әрекетінен кейін оған қатысты әкімшілік іс қозғалған. Полиция бұл жағдайды қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағалаған.

Сотта қыз өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтқан. Сондай-ақ оның әрекетінен ешкім зардап шекпегені және бұған дейін жауапқа тартылмағаны ескерілді.

Нәтижесінде сот оған тек ауызша ескерту жасап, әкімшілік жауапкершіліктен босатты.

Сайт Әкімшілігі