Павлодарда бір топ жасөспірім зират күзетшісін пышақтап кеткен
Алдын ала мәлімет бойынша, зират аумағына бір топ жасөспірім кіріп, 1963 жылы туған күзетшіге шабуыл жасаған.
Жәбірленуші денесінің әр жерінен оннан астам пышақ жарақатын алған. Ол облыстық Сұлтанов атындағы ауруханаға жеткізілді.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам қажетті ем қабылдап, бесінші күні ауруханадан шығарылған.
Павлодар облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың жеке басы анықталған. Тергеу амалдары жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.