Павлодардағы әскери бөлімде атыста бір әскери қызметкер қаза тапты
Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде атыс оқиғасы тіркелді.
Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Соның салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапқан, ал тағы бір келісімшарттағы әскери қызметкер жарақат алған.
«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Жарақат алған әскери қызметкерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деп хабарлады ІІМ.
Тергеу барысы ІІМ-нің әскери-тергеу департаментінің бақылауында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атыраудағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға «Қарабатан» полигонында оқу-жаттығу кезінде болған.