Қоғам

Павлодарда волейболшы қызды ұрған бапкер жарыстардан шеттетілді

Павлодар облысындағы Баянауылда өткен волейбол жарысы кезінде Шымкент командасының жаттықтырушысы Хамит Мырзабеков жас спортшы қызды ұрған.

Фото: видео-скрин

Оқиғадан кейін Қазақстанның волейбол федерациясы бапкерді жарыстарға қатысудан шеттету туралы шешім қабылдады.

Федерацияның ресми хатында Мырзабековтің Қазақстан чемпионаты аясындағы волейбол жарыстарына қатысуына тыйым салынғаны көрсетілген.

Командадағы өзге қыздардың айтуынша, жаттықтырушы бұған дейін де осындай әрекеттерге барған. Алайда оған қатысты спорттық тәртіптік шарадан бөлек қандай да бір құқықтық шешім қабылдана ма, әзірге белгісіз.

Сайт Әкімшілігі