Саясат

Полиция қызметкері "Қаңтар оқиғасына" байланысты адамды азаптағаны үшін сотталды

Алматыда полиция қызметкері "Қаңтар оқиғасы"кезінде ұсталған адамды азаптағаны үшін сотталды.

Фото: ашық дереккөз

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау ісі бойынша үкім шығарды.

Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізді. Олар 2022 жылдың 8 қаңтарында Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері тергеу изоляторында ұсталғандардың бірін азаптағанын анықтады. Қылмыс ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабымен сараланды.

Сот оның кінәлі деп тауып екі жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Полицей шенінен айырылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

«Үкім заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік кетейік, бұған дейін де "Қаңтар оқиғасына" байланысты адамдарды азаптаған үш полицей 4 жыл 6 айға сотталған болатын.

Сайт Әкімшілігі