Live

Президент қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша, жас азаматтардың құқықтары мен денсаулығын қорғау, олардың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық міндет әрі конституциялық жауапкершілік.

«Отандастарымды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Балалардың бақытты балалық шағының негізі – тату әрі берекелі отбасы. Сондықтан отбасы институтын қолдау жаңа Конституцияның маңызды нормаларының біріне айналды. Өскелең ұрпақтың жасампаз әлеуеті зор екенін балаларымыздың оқу, спорт және шығармашылық салаларындағы жетістіктері айқын көрсетіп отыр. Менің бастамаммен жүзеге асқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында әрбір бала мемлекет қолдауына ие болуда. Биылдан бастап «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру үдерісі басталды. Жас ұрпақты қолдау – Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның әрдайым басты назарында болады», – деп жазды Президент Instagram парақшасында.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тоқаев