Live

Путин Байденнің бұрынғы көмекшісіне Ресей азаматтығын берді

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденнің экс-көмекшісі Тара Ридке Ресей азаматтығын берді. Тиісті жарлық Кремль сайтында жарияланды.

Фото: Global Look Press

Байденге қатысты айыптаулар

Тара Рид 1990-жылдардың басында Джо Байден сенатор болған кезде оның кеңсесінде көмекші болып жұмыс істеген. 2020 жылы Байден президенттікке үміткер болған шақта Рид оны қызмет барысында жыныстық бопсалауға әрекет жасады деп айыптаған еді. Байденнің штабы бұл айыптауларды жоққа шығарған, ал ресми тергеу ісі қозғалған жоқ.

2023 жылы Рид Ресейге қоныс аударды. Ол бұл шешімін АҚШ-та өзіне қысым көрсетіліп, қауіп төнгенімен түсіндірген. Мәскеуге көшкен соң, ол ресейлік мемлекеттік RT телеарнасымен ынтымақтаса бастады.

Жалпы Ресей заңнамасы бойынша азаматтық алу үшін шетелдіктер ел аумағында кем дегенде бес жыл заңды негізде тұруы қажет. Дегенмен, ерекше жағдайда президенттің жарлығымен бұл мерзім қысқартылып, азаматтық берілетін жағдайлар кездеседі.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тара Рид