Live

Путин соғысты бастағанына өкіне ме?

Financial Times басылымының жазуынша, Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу кезінде Владимир Путиннің Украинадағы соғысты бастағанына өкінуі мүмкін екенін айтқан.

Фото: скриншот

Басылым бұл мәліметті Бейжіңдегі саммит барысымен таныс дереккөздерге сілтеме жасап жариялады. Әңгіме камерадан тыс өткен кездесуде айтылғаны хабарланды.

Бұл ақпарат Путиннің Қытайға сапары қарсаңында жарияланып отыр. Ресей президенті сейсенбі күні Си Цзиньпинмен саммит өткізу үшін Бейжіңге бармақ.

Сондай-ақ дереккөздердің мәліметінше, Трамп АҚШ, Қытай және Ресейге Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы бірлесіп әрекет етуді ұсынған. Оның пікірінше, үш елдің бұл мәселедегі мүдделері ұқсас.

Сайт Әкімшілігі