Қоғам

Қарағандыда 23 жастағы қыздың өліміне қатысты экс-полицейдің соты жабық өтіп жатыр

Қарағандыда полицияның тірек пунктінде 23 жастағы қыздың қаза болуына байланысты бұрынғы полиция майорының ісі бойынша сот басталды.

Фото: Жоғарғы сот

Экс-полицей қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамады деген айыппен жауапқа тартылып отыр.

Оқиға 2025 жылдың қыркүйегінде болған. Учаскелік полиция инспекторының кабинетінде 23 жастағы қыздың денесі табылған. Ал көрші бөлмеден 36 жастағы полиция майоры ес-түссіз күйде анықталған.

Сот отырысы журналистердің қатысуынсыз өтеді. Қорғаушының сөзінше, іс материалдарында интимдік сипаттағы деректер мен жеке хат-хабарлар бар.

Марқұмның анасы мен әпкесі сот процесіне бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуын сұраған. Қыздың туыстары бұрынғы полиция қызметкері өзінің лауазымдық жағдайын пайдалануы мүмкін деп есептейді.

Сайт Әкімшілігі