Әлеумет

Қарағандыда нан қымбаттады

Қарағандықаласында нанның бағасы жүз теңгеге дейін қымбаттап кетті. Бұрын бағасы 70-75 теңге болатын.

Jasalash.kz

Бұл туралы «ЖасАЛАШ»сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Асатасы нанның қымбаттауы бірінші кезекте зейнеткерлер мен студенттерге қиындығынтигізіп отыр. Медициналық университеттің студенті Ақжүніс МАРАТОВА дүкендердегіөзі алып жүрген нан түрлерінің 80-95 теңгеге дейін қымбаттап кеткеніне наразы.

«Біз жатаханада тұрып жатырмыз. Алатын шәкіртақымызкүнделікті тамаққа жетпейді. Нанның қымбаттамағаны біз үшін маңызды, өйткенібіз күнде нанды міндетті түрде аламыз. Ақшамызды үнемдеп жүреміз. Бірақ мынанан бағасының қымбаттағаны тіптен қиын болды»,- дейді қарағандылық  студенті Ақжүніс Маратова.

Қарағандықаласындағы кейбір сауда орындарында бағасы арзан болып келетін әлеуметтікнанның өзі 100 теңгеден сатылуда. Ал қалған нан өнімдері 15-20 пайызғақымбаттап кеткен. Алайда ауыл шаруашылық басқармасының мамандары  әлеуметтік нан бағасын қадағалап отыратынынмәлімдеді. Әлеуметтік нан супермаркет сауда желісінде 77 теңгеден сатылып жатыр дейді. «Сарыарқа»әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясы ұн-диірмен комбинатымен әлеуметтік нандыдайындау үшін  наубайханаға ұн келісін108 теңгеден сатуға келісім жасапты.

«Біз әрі қарай  әлеуметтік нанның бағасы тағы өсіп кетер депойламаймыз. Мүмкін  басқа өнімдеріқымбаттайтын шығар. Әлеуметтік нанның бағасы өспейді. Бүгінде облыс бойыншадәнді дақылдардан астық жинау 10,4 центнерді көрсеткен. Бұл жаман көрсеткішемес»,- деп мәлімдеді  Ауыл шаруашылықбасқармасы бастығының орынбасары Асқар САНАУБАРОВ.

Фермерлербиылғы жылы шенеуніктер көрсеткен ресми ақпараттан төмен деңгейде астықжинағандарын айтады.  Қостанай, Қарағанды,Ақтөбе облыстары жылдағыға қарағанда аз мөлшерде астық жинаған. Сондай-ақ шаруақожалықтары бағаның көтерілуін күтіп, астықты сатпай отырғандары ұнныңтапшылығына алып келген.

«Көптеген шаруа қожалықтар астық бітік шығар деп күткенеді. Биыл орта есеппен  7-8 центнерденғана алды. Ресми органдар статистикалық көрсеткішті жөнсіз көтеріп жіберіп отыр, Осының кесірінен тіпті мемлекеткешықпаған астықты өткізуге де тапсырма беруде. Астықтың жетіспеуінен міндеттітүрде баға көтеріледі», — дейді Қазақстан фермерлері одағының аймақтық өкілі Ерлан ОСПАНОВ.

Қазірдің  өзінде астықтың бағасы бір жарым есеге өсіпкеткен. Былтырғы жыл астықтың тоннасы 50-60 мың теңге көлемінде болса, биылғыжылы  бұл баға 70-78 мың теңге.

Фотолар автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега