Руханият

Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов қайтыс болды

Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды.Сейілда Икрамұлы КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы болды.

Jasalash.kz

Ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайраттың» капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнады.

Сейілда Байшақовтың отандық футболдың дамуына қосқан үлесі орасан. Ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие берді. 

Марқұм кейінгі жылдарда ҚР ардагерлер футболы одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега