Қазақстан хоккей құрамасы үшінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды
Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен Азия чемпионатында жеңіске жетіп, үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді.
Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, турнирдің шешуші кездесуінде қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті.
Матчтың негізгі және қосымша уақытында екі команда да шайба соға алмады. Жеңімпаз буллиттер сериясында анықталып, Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен басым түсті.
Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Жапония құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, Қытай командасын 5:0 есебімен ұтқан болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының алтын медалін қатарынан үшінші рет жеңіп алды. Бұған дейін ұлттық құрама 2024 және 2025 жылдары да құрлық біріншілігінде топ жарған еді.
Биылғы чемпионаттың күміс жүлдесін Жапония құрамасы иеленсе, қола медаль Оңтүстік Корея командасына бұйырды.