Live

Қазақстан шекарасында жарты миллиард теңгенің декларацияланбаған валютасы анықталды

Қазақстан шекарасында жарты миллиард теңгенің декларацияланбаған валютасы анықталды

Фото ҰҚК

Қазақстан шекарасында 508 млн теңгеден астам соманы құрайтын декларацияланбаған шетел валютасын алып өту әрекеттерінің жолы кесілді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.

«Биылғы 16-25 қараша аралығында шекара өткізу бекеттерінде декларацияланбаған валютаны алып өтудің 59 әрекетінің жолы кесілді. Атап айтқанда, 18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекарада Қазақстан азаматының жүгінен 4 441 500 рубль (шамамен 23 млн теңге) табылды. Сондай-ақ 23 қарашада «Қордай» өткізу бекетінде 200 мың АҚШ долларын (шамамен 91 млн теңге) жасырын алып өтпек болған шетелдік азамат анықталды», – делінген ведомство хабарламасында.

Аталған деректер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органға жолданған.

Шекара қызметі Қазақстан заңнамасына сәйкес ел аумағынан 10 мың АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын алып шығуға тыйым салынғанын еске салды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: ҰҚК