Live

Bloomberg: Қазақстан Теңіздегі үлесін 35%-ға дейін арттырып, $10 млрд төлем алғысы келеді

Қазақстан Теңіз кен орнын игеру жөніндегі келісімді 2033 жылдан кейін ұзартуға дайын.

Фото: portaktau.kz

Алайда инвесторларға бірқатар маңызды талап қойып отыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, Қазақстан үкіметі 10 млрд доллар көлемінде біржолғы төлем алуды, сондай-ақ жобадағы мемлекеттің қазіргі 20 пайыздық үлесін 35 пайызға дейін ұлғайтуды көздейді.

Жобаның операторы – "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясымен жасалған қазіргі келісімнің мерзімі 2033 жылы аяқталады. Оны ұзарту жөніндегі келіссөздер әзірге бастапқы кезеңде.

Теңіз – Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі. Қазіргі уақытта ТШО-ның ең ірі акционері – америкалық Chevron, оның үлесі 50 пайыз. ExxonMobil компаниясына – 25 пайыз, "ҚазМұнайГазға" – 20 пайыз, ал ресейлік "Лукойлға" 5 пайыз тиесілі.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Мұнай ТШО