Live

Қазақстан зейнетақы жүйесінің даму деңгейі бойынша әлемдегі үздік 30 елдің қатарына енді

Қазақстан зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы бойынша әлемдегі үздік 10 елдің қатарына кірді

Фото: ЖИ

Қазақстан Marsh CFA Institute Global Pension Index 2026 халықаралық рейтингінде 55 ел мен аумақтың арасында 29-орынға ие болды. Еліміз 100 мүмкін ұпайдың 64,8-ін жинап, АҚШ, Испания, Қытай, Жапония, Италия және Оңтүстік Кореяны басып озды.

Рейтингті әзірлеу барысында сарапшылар зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігін, жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын және зейнетақы қорларын басқару сапасын бағалаған.

Қазақстан ең жоғары нәтижені зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы көрсеткіші бойынша көрсетті. Бұл санатта еліміз 74,4 ұпай жинап, әлемде 8-орынға тұрақтады. Аталған көрсеткіш зейнетақы төлемдерін ұзақ мерзімді перспективада қамтамасыз ету мүмкіндігін сипаттайды.

Фото Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сонымен қатар Қазақстан зейнетақы жүйесін реттеу және басқару сапасы бойынша 100 ұпайдың 83-ін жинап, 19-орынға ие болды.

«Қазақстанның зейнетақы жүйесі табыс деңгейі әртүрлі азаматтарға салықтарды шегергеннен кейін жоғалтқан жалақысының едәуір бөлігін зейнетақы арқылы өтеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби зейнетақы бағдарламаларымен кеңінен қамтылуымен ерекшеленеді. Бұдан бөлек, жүйеде тиімді реттеу мен басқару тетіктері қалыптасқан, зейнетақы жүйесіне қатысушылардың құқықтары жоғары деңгейде қорғалған және азаматтарды ақпараттандыру жұмыстары жақсы жолға қойылған», – делінген сарапшылар қорытындысында.

Фото Мәдениет және ақпарат министрлігі

Marsh CFA Institute Global Pension Index 2026 – әлемдегі 55 зейнетақы жүйесін салыстыратын жыл сайынғы халықаралық рейтинг. Онда зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі, жүйенің қаржылық тұрақтылығы және басқару сенімділігі бағаланады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: зейнетақы