Live

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырылғандар алты ай дайындықтан өтуі мүмкін

Қазақстанда мерзімді әскери қызметтің тәртібі өзгеруі мүмкін.

Фото: ашық дереккөз

Жаңа жоспарға сәйкес, әскерге шақырылғандар алғашқы алты айда оқу орталықтарында дайындықтан өтіп, келесі алты айда әскери бөлімдерде қызмет етеді. Әскери реформаның бұл жоспарын Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мақұлдады.

Сонымен қатар Қарулы күштердің құрылымын өзгертіп, Ұшқышсыз жүйелер күштерін құру және әскерді басқару жүйесін жетілдіру көзделіп отыр.

Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау үшін әскери кеңесшілер институтын және Әскери қызметшілер істері жөніндегі уәкіл қызметін енгізу жоспарланған. Бұған қоса, әскердегі әлімжеттікке қарсы шаралар күшейтілмек.

Ұйымдастырушылық өзгерістерді жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Ал негізгі реформалар 2027 жылы жүзеге асырылмақ.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: сарбаз әскер