Live

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай маңында салынуы мүмкін

Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда үшінші атом электр станциясын Қостанай қаласының іргесіндегі Тобыл өзенінің жағасына орналастыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Оның айтуынша, станцияны өзен маңына салу реакторларды салқындатуға қажетті сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазір мамандар болашақ атом электр станцияларына арналған бірнеше ықтимал орынды зерттеп жатыр. Олардың қатарында Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы, елдің батысындағы Каспий теңізінің жағалауы және солтүстіктегі Тобыл өзені маңы бар.

Әзірге АЭС салынатын нақты орын бекітілмеген. Үш аумақтың барлығы бойынша зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі