Live

Қазақстандық азамат Қытайға 6 келіге жуық алтынды заңсыз алып өтпек болған

Қазақстандық азамат Қытайға 6 келіге жуық алтынды заңсыз алып өтпек болған

Фото: из открытых источников

Алматы тұрғыны "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының өткізу бекеті арқылы Қытайға ірі көлемдегі алтынды заңсыз алып өтпек болған. Алтынның жалпы құны 488 миллион теңгеге бағаланған.

Кедендік және шекаралық бақылаудан жасыру үшін ер адам алтын құймаларын жабысқақ таспамен орап, денесіне бекітіп алған. Алайда кедендік тексеру кезінде заңсыз алып өтпек болған алтын анықталып, тәркіленді.

"Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының экономикалық контрабанда жасауға оқталғаны үшін кінәсін толық дәлелдеді", – деп хабарлады прокуратура.

Сот ер адамды кінәлі деп таныды. Жалпы салмағы 6 келіге жуық алтын мемлекет кірісіне тәркіленді.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент әуежайында құны 227 миллион теңгеден асатын 3 келіге жуық алтынды Қазақстаннан заңсыз алып шығу әрекетінің жолы кесілген болатын. Бағалы металл шетелдік азаматтардың жүгінен табылған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: алтын дауы