Live

Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев Армениядағы банк акцияларын жаппай сатып алды

Кеңес Рақышев Армениядағы ірі банктердің бірі саналатын "Армэкономбанктегі" үлесін 43 есе арттырды.

Фото: ашық дереккөз

2026 жылғы сәуірде кәсіпкерге тиесілі "БТА Банк" қаржы ұйымының 686 140 жай акциясын иеленген. Бұған дейін қазақстандық банктің иелігінде 16 239 акция болған. 2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша, "БТА Банк" бұрынғы акциялар пакетін 652 миллион теңгеге (шамамен 1,25 миллион доллар) бағалаған.

Жаңа акцияларды есепке алғанда, Рақышевтың үлесі 702 379 акцияға жетті. Бұл "Армэкономбанк" акцияларының жалпы санының шамамен 5,8 пайызына тең.

Акциялардың берілуі туралы мәлімет "БТА Банктің" 2025 жылғы аудиттелген қаржылық есебінде көрсетілген. Құжатқа сәйкес, акциялар бұған дейін Австрияда тіркелген ZRL Beteiligungs AG компаниясына тиесілі болған. Олар сот шешімдері мен акцияларды беру туралы келісім негізінде "БТА Банкке" өткізілген.

Сайт Әкімшілігі