спорт

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Малик Мұқашев Корея Республикасының Муджу қаласында өткен пара таеквондодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Фото: gov.kz

Ол К41 санатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсті.

Жарыстың күміс жүлдесі Ирак өкілі Саид Сабах Хамид Аль-Фаххамға бұйырса, Түркия спортшысы Яшар Сами Гокбаба қола медаль иеленді.

Осылайша, Малик Мұқашев әлем чемпионатының жеңімпазы атанып, Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды.

Сайт Әкімшілігі