Руханият

Қазақстандық спортшы Ислам ынтымақтастық ойындарында жүзуден рекорд орнатты

Қазақстандық спортшы Аделаида Пчелинцева V Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанып, алтын медальға ие болды.

Jasalash.kz

Финалда Аделаида Пчелинцева 50 м қашықтықты 31.71 секунд уақытта бағындырып Ислам ойындарының рекордын жаңартты.

«Отандасымыз өзінің шеберлік деңгейін көрсетіп, ойындарда қарсылас шақ келтірмей Түркия елінің спортшылары Гюнеш пен Саманчиді жеңіп алтын олжалады», — деп көрсетті Спортты дамыту дирекциясы.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега