Live

Қазақстаннан 1 млрд теңгеге жуық марганец кені заңсыз шығарылған

Қазақстаннан 1 млрд теңгеге жуық марганец кені заңсыз шығарылған

Фото ашық дереккөз

 

Ұлытау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қаражал қаласындағы "Восточный" карьері аумағында марганец кенін заңсыз өндірді деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты.

Кен өндіру үшін ауыр карьерлік техника – экскаваторлар, тиегіштер мен самосвалдар пайдаланылған.

Карьер аумағында өндірістік база жабдықталып, онда өндірілген шикізат ұсату-жуу кешені арқылы өңделген.

ҚМА мәліметінше, өңделгеннен кейін кен жүк көлігімен тиісті құжаттарды пайдалана отырып, ел аумағынан тыс жерге шығарылған.

Заңсыз сатылған марганец кенінің жалпы көлемі 4 мың текше метрден асқан. Оның құны 950 млн теңгеден жоғары деп бағаланып отыр.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі