Live

Қазақстанның халық әртісі, композитор Бәкір Баяхунов дүниеден өтті

Қазақстанның халық әртісі, профессор, көрнекті композитор Бәкір Баяхунов 93 жасында дүниеден өтті.

Фото ашық дереккөз

9 қазанда Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне қайғырып көңіл айтты.

Бәкір Яхияұлы бүкіл ғұмырын музыка өнеріне арнап, отандық композиторлық мектептің дамуына елеулі үлес қосты. Оның шығармаларында қазақтың музыкалық мұрасы, Шығыс халықтарының әуендері мен еуропалық академиялық музыка дәстүрлері шебер үйлесім тапқан.

Көрнекті композитор Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп, кәсіби музыканттардың бірнеше буынын тәрбиеледі. Ол шәкірттеріне музыкалық білім беріп қана қоймай, өнердің қадір-қасиетін түсінуге, шығармашылық жолын табуға бағыт-бағдар берді.

Сайт Әкімшілігі