Live

Қорғауындағы әйелден 7 млн теңге талап еткен адвокат екі жылға сотталды

Адвокат мемлекеттік органдардағы байланыстарын пайдаланып, қорғауындағы әйелдің қылмыстық ісіне қатысты мәселені шешіп беруге уәде еткен.

Фото: ЖИ

Осы қызметі үшін ол 7 миллион теңге талап еткен.

Әйел ұсталғаннан кейін адвокат оған бұлтартпау шарасын жеңілдетіп, күзетпен ұстауды үйқамаққа ауыстыруға көмектесетінін айтқан. Алайда жәбірленуші заңсыз ұсынысқа келіспей, құқық қорғау органдарына хабар берген.

Жедел іс-шаралар кезінде адвокат ақшаны алған сәтте ұсталды.

Сот үкімімен ол адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сайт Әкімшілігі