Live

Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды

Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды

Фото скриншот

Зейнеткердің мәйіті тұрғын үй ауласынан зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Оқиға 30 қазанда Қостанайдағы Кубеев көшесінде болды.

Әлеуметтік желілерде қария ауладағы орындықта отырған кезде оның тамағын кесіп кеткені туралы ақпарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметті ресми түрде растаған жоқ.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің кім екені анықталып, ол ұсталған. Ол – жергілікті кәмелетке толмаған тұрғын.

17 жастағы жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: қылмыс