Қырғыздың үздік футболшысы «Қайратқа» ауысты
Қырғызұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт АЛЫКУЛОВ алматылық «Қайрат»клубының ойыншысы атанды.
Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы өзінің ресмисайтында хабарлады.
Қазір қырғызфутболшысы «Қайрат» командасымен Түркиядағы оқу-жаттығуында жүр екен. Тіптіпольшалық «Лигии» командасына қарсы ойында негізгі құрамда шыққан. Transfermarkt порталы футболшыны 400 мың еуроғабағалаған.
Былтырғы маусымда Гүлжігіт Алыкулов беларусьтік «Неман» клубында ойнап, 24мачта 4 гол соққан. Бішкектің «Дордой» клубының түлегі. 2017 жылы түркиялық «Антальяспор»клубының жастар командасында доп тепкен. Қырғыз ұлттық құрамасы үшін төрт ойынөткізіп, екі гол соққан. 2019 жылы Қырғыз Республикасының үздік футболшысыатанды.
Фото: prosports.kg