Live

Қызылорда облысында мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 60 млн теңге жымқырылған

Қызылорда облысында мал шаруашылығы жобасына бағытталған қаражаттың жымқырылғаны анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Фото скриншот

Тергеу дерегіне сәйкес, "Сыздық Ата" ЖШС-не жобаны жүзеге асыру үшін "Байқоңыр" ӘКК 151,5 млн теңге инвестиция салған. Қаражатқа 1 600 қой, 130 ірі қара және ет қаптауға арналған жабдық сатып алынған.

Алайда серіктестік басшысы 60 млн теңгені өз бақылауындағы екі жеке кәсіпкердің есепшоттарына заңсыз аударып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырған деген күдікке ілінді.

Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның екі көлігіне тыйым салынды.

 

Сайт Әкімшілігі